Меню KDT

Новости

«Тіл – достық пен бірліктің тірегі»

«Тілдер апталығы» аясында бастауыш сыныптар арасында да түрлі танымдық іс-шаралар өтті.
3-сынып оқушылары арасында «Тіл – достық пен бірліктің тірегі» атты викторина ұйымдастырылып, балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз ой-пікірлерін еркін жеткізе білді. Викторина барысында оқушылардың тапқырлығы мен тілге деген қызығушылығы байқалды. Ал 4-сыныптарда «Тіл – татулық тірегі» атты ауызша журнал өткізілді. Журнал барысында оқушылар мемлекеттік тілдің маңызы, көптілділіктің пайдасы туралы тың деректермен бөлісіп, өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтты. Бұл іс-шаралар оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтіп, достық пен татулыққа тәрбиелеуге үлкен ықпал етті.


Просмотров: 10

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда100
  • Осы аптада23
  • Кеше2
  • Бүгін3
  • Желіде:0




Мемлекеттік рәміздер


                                                                                                                                          


ҚР Мемлекеттiк Туы
                                 ҚР Мемлекеттiк Елтаңбасы                                      ҚР Мемлекеттік Гимні






Пайдалы сілтемелер